Алматы облысында қар құрсауында қалған 6 адам құтқарылды

19.11.2021 21:01

Көлікте екі жүкті әйел болған

Almaty.tv

Алматы облысында қар құрсауынан 6 адам құтқарылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Оқиға Кеген ауданында болып, 2 көлік боран салдарынан жолда қалып қойған. Эвакуацияланған 6 адамның 2-уі – бала. Қазір олардың денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ дейді мамандар. 

«Көлікте екі жүкті әйел болған. Кеген ауданы Төтенше жағдайлар өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жолды таппай қалған «Нива» автокөлігінің ішіндегі адамдарды эвакуациялады», – деді төтеншеліктер.