Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды
Апат Алматы-Өскемен автожолының 453 шақырымында орын алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
38 жастағы Hyundai Veracruz жүргізушісі рөлді басқара алмай, басып озу маневрін жасай отырып, Daf FTXF 105 ауыр жүк көлігімен соқтығысып, содан кейін инерция бойынша Volkswagen Passat көлігімен соқтығысты.
Апат салдарынан Hyundai жүргізушісі және оның үш жолаушысы сол жерде көз жұмды. Аталған көліктен тағы үш бала әр түрлі дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жатқызылды.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.