Жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен екібастұздық үшінші күн іздестіріліп жатыр

16.10.2022 20:21

Ол баласын балабақшаға апарғаннан кейін жоғалып кеткен

news-r.ru

Екібастұзда жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен ер адамға үш күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Оның үйінен балабақшаға дейінгі бағыт пысықталып, сондай-ақ таныстары мен көшеде ары-бері өткендерден сұрақ-жауап алынды.

Ол баласын балабақшаға апарғаннан кейін жоғалып кеткен. Ер адам жұмысына бармаған.

Бүгін кинологтар гараждарды сүзіп шықты. Іздеу жұмыстары әзірге нәтиже бермеді.

Жоғалған адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.