Жамбыл облысында алтын іздеушілер ұсталды

стоп кадр
стоп кадр
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қылмыстық топ өндірілген кенді Шу өзені аумағындағы цехқа тасымалдағаны анықталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жамбыл облысында топталып алтын қазғандар құрықталды. 9 адамнан құралған топ жасанды шахта жасап, сонда алтын кенін өндіріп келген, деп хабарлайды Almaty.tv

Дерек Мойынқұм ауданы Ақбақай ауылынан 20 шақырым аумақта орналасқан «Қаракөз» жер учаскесінде анықталып отыр.

Бейнеден байқалғандай, күдіктілер кәсіби түрде құрылғыларды пайдаланып жұмыстарын жүргізіп отырған. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қылмыстық топ өндірілген кенді Шу өзені аумағындағы цехқа тасымалдағаны анықталды. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Күдіктілердің кінәсі толық дәлелденген жағдайда 3 жылдан 5 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. 

«Тінту кезінде құрамында алтыны бар кенді өңдейтін заңсыз орнатылған 2 ұсақтағыш құрал мен құмды тазартуға арналған 2 аппарат, сондай-ақ 10 тонна көлемінде кен табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды», – деді Облыстық ПД ресми өкілі Құндыз Бөгенбаева.

Новости партнеров