Олар 8 адам болып бірігіп, жалған құжат жасап келген
7 миллиард 700 мың теңгеге жалған шот-фактура жасаған қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Коммерциялық ұйымдасқан топ Шымкент қаласынан анықталды. Олар 8 адам болып бірігіп, жалған құжат жасап келген. Қалалық Экономикалық тергеу департаментінің мәліметінше олар қызмет көрсету, тауар тиеу және жөнелту бойынша іс жүзінде орындалмаған қызметтері үшін қолма-қол ақша алып отырған.