Сыныптастар көлік жарысын ұйымдастырып, үйдің қоршауына соғылған

08.04.2021 20:22

Оқиға түнгі сағат екі шамасында Қарасу шағын ауданында болған

Алматыда Tоyota мен BMW жарысып, соңы апатпен аяқталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқиға түнгі сағат екі шамасында Қарасу шағын ауданында болған. Көліктерді тізгендеген 20 жастағы екі сыныптас тар жолда нағыз жарыс ұйымдастырыпты. Жылдамдықты асырған Tоyota жүргізушісі газ құбырының тіреуіштерін қиратып, сол маңдағы үйдің қоршауына соғылған. Ал BMW-ны тізгіндеген досы құрылысы бітпеген үйге соғылып, көлікті аударып жіберген. Абырой болғанда, екі жүргізуші де аман. 

Заң бұзушылықты жасыру мақсатында олар оқиға орнына эвакуатор шақыртып, қираған машиналарды алып кетпек болыпты. Бірақ, техникалық көмек қызметі полиция шақырып, бұзақылардың әрекеті әшкереленіп қалды.