"Жүргізуші көз жұмды": Алматы маңында жол апаты болды
zakon.kz
Көлік ағашқа бірнеше рет соғылып, құзға ілінген күйі қалған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматы облысы Іле ауданының Өтеген батыр ауылы маңында адам өліміне әкеліп соққан жол апаты болды, деп хабарлайды zakon.kz.
Жол апаты Қапшағай тас жолынан ауылға қарай бет алатын Батталханов көшесі бойында сағат 11.00 шамасында болған. Кілт бұрылыста Toyota Windom жүргізушісі рөлді басқара алмай, жолдың жиегіне ұшып кеткен. Көлік ағашқа бірнеше рет соғылып, құзға ілінген күйі қалған.
Негізгі соққы жүргізуші тұсқа келген. Әбден жаншылған жүргізуші дәрігерлер келгенге дейін қайтыс болды.
Барлық жағдайды Алматы облысының жол полициясы анықтап жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
08.11.2026 12:50
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
08.11.2026 09:21
Ішкі үйлесімге көңіл бөліңіз: 7 қарашаға арналған жұлдыз жорамал
07.11.2026 09:55
7 қарашаға арналған валюта бағамы
07.11.2026 09:01
8 қарашаға арналған валюта бағамы
08.11.2026 09:00