Ақтөбеде екі қабатты ғимарат құлады

02.09.2021 20:24

Төтенше жағдайлар департаменті ғимаратта жөндеу жұмыстары жүргізілгенін хабарлады

© Photo : Департамент по чрезвычайным ситуациям Актюбинской области

Ақтөбеде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының филиалы орналасқан екі қабатты әкімшілік ғимарат опырылып құлады. Бұл туралы Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik сайтына сілтеме жасап.

Оқиға сәрсенбіде, 1 қыркүйекте шамамен сағат 19.25-те болған. 200 шаршы метр аумақ қираған.  

Төтенше жағдай орнына дереу 15 қызметкер мен төрт техника жіберілді, олар ғимаратта болған бес адамды құтқарды. Екі адам ауруханаға жатқызылды.

ТЖД өкілі журналистерге ғимаратта жөндеу жұмыстары жүргізілгенін хабарлады.