Медициналық көмекке 14 адам жүгінді
Қостанай облысында автобус трактормен соқтығысты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Өңірлік Полиция департаментінің өкілдері, оқиғаның Рудный - Кача тасжолында болғанын және жұмысшылардың тасымалдайтын вахталық автобус трактормен соқтығысқанын айтты.
"Екі адам қаза тапты, үш адам зардап шекті. Сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды", - делінген Қостанай облыстық ПД баспасөз хабарламасында.
Рудный қалалық аурухананың бас дәрігері Талғат Қайкенов медициналық көмекке 14 адам жүгінгенін айтты, олардың екеуінің жағдайы ауыр.