Жамбыл облысында автобус апатқа ұшырады

13.05.2022 20:24

2 адам қаза тауып, 33 жолаушы ауруханаға жеткізілген

Almaty.tv

Жамбыл облысында 53 адам мінген автобус апатқа ұшырады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Батыс Еуропа – Батыс Қытай тасжолының 571-шақырымында болған жол-көлік оқиғасының салдарынан 2 адам қаза тауып, 33 жолаушы ауруханаға жеткізілген. Көлік ішінде Өзбекстан азаматтары болған. Алдын-ала мәліметке сүйенсек, апатқа жүргізушінің рөлге ие бола алмай, трактор тіркемесіне соғылуы себеп болған. Ал мамандар автобус ішінде 8 газ баллонының болғанын айтады. Абырой болғанда, олардың ешқайсысы жарылмаған.

«Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды», – деді Облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.