Атырауда есірткі тасымалдаған Өзбекстан азаматы қамауға алынды

02.08.2021 в 20:25

Күдікті есірткіні жасырмақ болған жерінде тұтқындалыпты

Фото: ашық дереккөзден

Атырау облысының полиция қызметі есірткі саудалаған Өзбекстан азаматын ұстады. 32 жастағы ер адам Атырауға Тараздан келіп, заңсыз әрекетін іске асырған, деп хабарлайды Almaty.tv

Күдікті есірткіні жасырмақ болған жерінде тұтқындалыпты. Тексеріс кезінде одан белгісіз әрі жағымсыз иісі бар 29 дана түйінделген зат табылған. Тағы сондай 40 данасы үйінде тәркіленді. Алынған 20 граммға жуық есірткі тектес бума сот-медициналық сараптамаға жіберілген. Қазір тергеу басталып, күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалды.