Арзан киім алғысы келген шымкенттіктер бір-бірін таптап кете жаздады
inform.kz
Дүкен иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Шымкентте киім дүкеніне кезекке тұрушылар бір-бірін таптап кете жаздады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz Telegram арнасына сілтеме жасап.
5 қарашада Тәуке хан бойында орналасқан сауда үйлерінің бірінде дүкен иесі спорттық киімдерді арзан бағамен сату акциясын ұйымдастырды. Осыған байланысты жергілікті тұрғындар көп жиналды. Дүкен ашылған кезде адамдар бірін-бірі итеріп, қыса бастады. Оқиға орнына қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін учаскелік пункттің учаскелік инспекторлары келді. Зардап шеккендер жоқ.
Еңбекші АПБ полицейлері дүкен иесі, жергілікті тұрғынды анықтады. Ол ҚР ӘҚБтК-нің 488-1-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
09.11.2026 17:15
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
09.11.2026 12:50
Алматы Қытайдың іскерлік туризм нарығындағы орнын нығайтып келеді
09.11.2026 10:00