Қоймада газ баллон жарылып, 80 метр аумақ жанып кетті
Өрттен зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда газ баллоны жарылып, қойма өртенді. Кеше кешкі сағат 19:30 шамасында болған апатты оқиға желісі өрт сөндіру көлігінің видео тіркеуішіне түсіп қалған. Қалалық ТЖД-нің мәліметінше, алғашқы өрт сөндірушілер 6 минутта жеткен, деп хабарлайды Almaty.tv.
Айта кетейік, баллонның жарылуы салдарынан қойманың 80 метр аумағы жанып кетті.
«Жанып жатқан қоймадан 50 және 25 литрлік 11 газ баллоны сыртқа шығарылды. Қызыл жалын толығымен сағат 20.05-те ауыздықталды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өртті сөндіруге 18 бірлік техника, жеке құрамның 50 қызметкері жұмылдырылды», – деді Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметінің ресми өкілі Гүлдана Нұрымбетова.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
31.10.2026 14:34
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суыққа аллергия деген не және одан қалай сақтануға болады
01.11.2026 10:52
Суық тигенде қандай қателіктерге жол бермеу керек
31.10.2026 10:36