Алматыдағы өртенген жиһаз цехынан әйелдің денесі табылды

17.09.2019 20:26

Өртті сөндіру үшін 20 техника мен 60 адам жұмылдырылды

Алматыда өртенген жиһаз цехынан әйелдің мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, әйелдің денесі өрттен кейінгі жинастыру кезінде 14:47-де табылған.

«Құрылыс конструкцияларын жинап жатқанда өртенген құралдарға су құю кезінде үйіндінің астынан мүрде табылды. Соңғы болжам бойынша, қайтыс болған әйел адам», – деді қалалық ТЖД баспасөз қызметінен.

Айта кету керек, бүгін Жетісу ауданы, Ратушный көшесінде орналасқан жиһаз шеберханасы өртенді. Өртті сөндіру үшін 20 техника мен 60 адам жұмылдырылды. Тілсіз жау шамамен 1000 шаршы метр аумақты жарамсыз еткен. Өрт 1 сағатта сөндірілді.

Теги: пожар