Ақтөбеде 21 жастағы жігітті өлтірген адам қылмыстық жауапкершіліктен босатылды
© pixabay.com
Оқиға биыл 29 тамызда болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ақтөбеде 21 жастағы жігітті өлтірген адам психика жағдайы нашар болғандықтан қылмыстық жауапкершіліктен босатылды, деп хабарлайды tengrinews.kz.
Басылым мәліметінше, қылмыс бойынша күдікті - 29 жастағы ақтөбелік. Енді ол психдиспансерде емделетін болады. Оқиға биыл 29 тамызда болған. Екі ер адам автобуста сөзге келісіп қалып, аялдамаға келгенде сыртқа шыққан. Жанжал барысында біреуі қарсыласын пышақтап, супермаркет маңындағы көше бойымен қашып кеткен. 21 жастағы жігіт оқиға орнында көз жұмған. Пышақ оның жүрегі мен өкпесіне тиген.
"Қылмыстық іс тоқтатылды. Медициналық шаралар қарқынды бақылаумен психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түрінде шара тағайындалды", - деп мәлімдеген Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
SU LAB Street: Алматыда жаңа ғылыми зертханалар көшесі ашылды
02.11.2026 13:10