Алматы облысында көлік қаққан 4 оқушы қыздың екіншісі ауруханада көз жұмды

05.04.2021 в 20:28

Дәрігерлердің хабарлауынша, 8 жасар қыз комада болған

Алматы облысында көлік қаққан төрт оқушы қыздың екіншісі ауруханада көз жұмды. Дәрігерлердің хабарлауынша, 8 жасар қыз комада болған. Жасанды тыныс алу аппаратына қосылған оның жағдайын ақ халаттылар ауыр деп бағалаған еді. 14 наурызда апаттан жарақат алған 9 жастағы тағы бір қыз қайтыс болған еді.

«Еңбекші қазақ, Қорам ауылында жүргізуші 4 қызды қағып кеткен жүргіншінің іс-әрекеті екінші зардап шеккен қыздың қайтыс болуына байланысты ҚР ҚК 345-1 бабы, 4-бөлігі бойынша қайта сараланып, одан да қатаң жаза тағайындалды. Енді құқық бұзушыға 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады. Жүргізуші қазіргі таңда тергеу изоляторында қамауда», – деді Облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Ақбота Әзірбек.

Еске салайық, 2 наурыз күні мас күйінде көлік айдаған 54 жастағы жүргізуші мектепте оқитын 4 қызды қағып кеткен. Қазір 9 жастағы екі қыз Шелек ауылындағы ауруханада ем қабылдап жатыр. Оқыс оқиғаны тергеу ісін Қасым-Жомарт Тоқаевтың өз бақылауына алғаны белгілі.