Алматыда орталық көшелердің бірінде екі көлік соқтығысып, бір адам көз жұмды

12.11.2020 20:28

Кәугерлердің айтуынша, көлік жүргізушісі мас болған көрінеді

Алматыда орталық көшелердің бірінде  екі көлік соқтығысып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жоғары жылдамдықпен жүріп келе жатқан мерседес маркалы көлік жүргізушісі жол бойындағы автомобильді оңдырмай соғады. Кейіннен оқиға орнынан ол бой тасалаған. Кәугерлердің айтуынша, көлік жүргізушісі мас болған көрінеді. Жантүршігерлік жол апаты Рысқұлов пен Саин көшесінің қиылысында орын алған. Оқыс оқиғадан мерт болған адамның денесін көліктен шығарып алуға құтқару қызметі шақыртылады. Қазір тәртіп сақшылары мен креминалистер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.