Оралда 60 жастағы ер адам жетінші қабаттан құлап, көз жұмды

18.08.2021 20:28

Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

inform.kz

Оралда 60 жастағы ер адам жетінші қабаттан құлап, көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға бүгін И.Ларин көшесіндегі көпқабатты үйде орын алған.

Жедел жәрдем жергілікті сағат 12.30-да шақыртылды. Алайда 1961 жылғы ер адам ауыр жарақаттан жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды.

Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.