300 шаршы метр аумақты қамтыған оттан жапа шеккендер жоқ
Алматының Түрксіб ауданында өткен түні пәтерлердің бірінде өрт шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қызыл жалын үш қабатты үйдің балконынан басталған. Қызыл жалынды өшіруге 70 шақты адам жұмылдырылды. 300 шаршы метр аумақты қамтыған оттан жапа шеккендер жоқ. Ал, құтқарушылар 20 тұрғынды эвакуациялаған, оның жетеуі – бала.
«Өрт сөндіру үшін жеделсатылар мен автоцистерналар қолданылды, жеке құрамнан құтқарушылар жұмылдырылды. Ғимарат ішіндегі адамдардың бар-жоғын анықтау үшін тексеру жұмыстары жасалды, іште адам табылған жоқ. 37 минутта жалынның таралуын тоқтатып, 23:56-да өрт толығымен өшірілді», – деді қалалық ТЖД өрт сөндіру және жедел құтқару қызметінің басшысы Айдар Сқабаев.