Алматыда қызыл жалынға оранған Мохнатка тауын өрт сөндірушілер әлі бақылауда

tengrinews.kz
tengrinews.kz
Онда 5 тонна суы бар арнайы техника дайындалып, бір бөлімнің мамандары кешеден бері кезекшілікте жүр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда қызыл жалынға оранған Мохнатка тауын өрт сөндірушілер әлі бақылауда, деп хабарлайды Almaty.tv.

Онда 5 тонна суы бар арнайы техника дайындалып, бір бөлімнің мамандары кешеден бері кезекшілікте жүр. Себебі жалын толықтай ауыздықталғанымен, құрғақ ағаштардың шоқтары қалған көрінеді. Оның үстіне, күн шығып тұрғандықтан, қауіп сейілген жоқ дейді өрт сөндірушілер. Айта кетейік, кеше «Түкті» тауындағы жарты гектардан астам орман жанып кетті.

Өртті өшіруге төтенше жағдай департаменті мен Іле Алатау ұлттық паркінің жедел-құтқару жасағы, 7 бірлік техника тартылған. Кеше 17:15-де басталған жалын 18:03-те ауыздықталды. Сондай-ақ, отты сөндіруге «Ермак» рюкзагы мен траншея құралдары пайдаланылыпты. Осы тұста қаланың төтенше жағдайлар департаменті өрттің қауіпті кезеңі басталғанын ескертеді. Сондықтан жеке секторда тұратын тұрғындарға қоқыс пен шөпті өртеуге қатаң тыйым салынады.

Новости партнеров