Орман алқабын тексеру кезінде марқұмның денесі табылды
Шығыс Қазақстан облысында әкімдік қызметкерін зорлықпен өлтірген қаныпезер ұсталды. Осыған дейін Риддер қаласында үш баланың анасы із-түзсіз жоғалып кетті деген ақпарат тараған болатын, деп хабарлайды Almaty.tv.
Орман алқабын тексеру кезінде марқұмның денесі табылды. Ал бірнеше күн өте, оны алдымен қылқындырып, артынан пышақтап өлтірген 34 жасар күдікті ұсталды. Ауыр қылмысқа ол адам тонау үшін барған көрінеді. Егер қылмыс толығымен дәлелденсе, күдікті 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін.