СҚО-да көлікте қысылып қалған әйел құтқарылды

ДЧС Северо-Казахстанской области
ДЧС Северо-Казахстанской области
Оны дереу Айыртау аудандық ауруханасына жеткізді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Солтүстік Қазақстан облысында өрт сөндірушілер жол апаты кезінде көлікте қысылып қалған әйелді құтқарды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, 15 қаңтарда Көкшетау-Рузаевка тас жолында Комаровка мен Антоновка ауылдарының арасында жол апаты болған.

Lexus пен Volkswagen Passat бетпе-бет соқтығысты. Соққының қатты болғаны сонша, Volkswagen-нің алдында отырған жолаушы әйел қысылып қалды.

Оқиға орнына кезекші қарауыл барған. Олар есікті бұзып, аяғы қысылып қалған әйелді босатты.

Одан кейін зембілге салып, жедел медициналық жәрдем мамандарына тапсырды.

44 жастағы әйел Есіл ауданынан Имантауға бара жатқан. Оны дереу Айыртау аудандық ауруханасына жеткізді.

Lexus пен Volkswagen Passat жүргізушілері қатты жарақат алған жоқ.

Айта кетері, күні кеше синоптиктер Солтүстік Қазақстан облысы бойынша дауылды ескерту жариялаған болатын. Облыста оңтүстік-батыстан соққан жер секундына 20 метрге дейін күшейеді. Ал түнде 23-28 метрге дейін соғады.

Новости партнеров