|
26.09.2019 | 17:34
11532

Алматыда ер адам бірнеше ай бойы 13 жастағы екі жеткіншекті зорлап келген

Жәбірлеуші болған оқиғаның бәрін бейнеге түсіріп, жасөспірімдерді бопсалап келген

Алматыда ер адам бірнеше ай бойы 13 жастағы екі жеткіншекті зорлап келген

Жантүршігерлік жайт туралы қыз балалардың бірінің анасы полицияға арыз түсіргеннен кейін мәлім болды. Күдікті қолға түсті. Әйтсе де, түсініктеме беру кезінде өз кінәсін мойындаудан бас тартып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Анық болғандай, жәбірлеуші болған оқиғаның бәрін бейнеге түсіріп, артынша жазбаны әлеуметтік желіде таратамын деп жасөспірімдерді бопсалап келген. Бұған шыдай алмаған зардап шегушілердің бірі жайттың бәрін ағасына айтып берген. Бұдан кейін күдікті дереу  Қырғызстанға қашпақ болыпты. Десе де, шекара асып кете алмаған. Аталған іс бойынша тергеу жұмыстары басталып кетті. Ал жасөспірімдермен қазір психолог мамандар жұмыс жасауда.  

«Анам көлік жуатын жерде администратор болып істейді. Әлгі адам күнде көлігін жууға келеді екен. Ал қарындасым мектептен кейін анамның жұмысына барады, сол жерде көрген ғой. Арам пиғылын іске асырмақ болып ер адам қыздарды әр түрлі жерге апарады екен. Көршінің қызы да бұл жағдай туралы бәрін анасына жайып салыпты. Оның шешесі де осында қызмет етеді.  Болған жайтты еске алса болды, қыздар жылай бастайды», - деді жәбірленушінің туысы Тимур ҚАДЫРХАНОВ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

педофил
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир