Тергеу изоляторынан қашып кеткен азамат әлі іздестіріліп жатыр

18.02.2021 20:31

Қылмыстық кодекстің 426-бабы, яғни бас бостандығынан айырылған мекемеден қашу фактісі бойынша іс қозғалды

Almaty.tv\

Алматыда тергеу изоляторынан қашып кеткен азамат әлі іздестіріліп жатыр. 1987 жылы туған азаматтың үстінен қылмыстық кодекстің 426-бабы, яғни бас бостандығынан айырылған мекемеден қашу фактісі бойынша іс қозғалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

 Жедел іздестіру шаралары жалғасуда. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше қазір қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр. Еске салайық, сотталушы 15 ақпанда түрмеден қашқан.

«Тексеру нәтижелері бойынша лауазымды тұлғаларға қатысты тиісті шаралар қабылданатын болады. Тергеу изоляторынан қашқан Давутов бұрын бірнеше рет соталған. Осы іс бойынша ұрлық пен алаяқтық үшін алты жылға бас бостандығынан айырылған», – деді Алматы қалалық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ресми өкілі Шынар Құсайынова.