Тергеу амалдары жалғасып жатыр
Қарағанды облысында 212 ақбөкенді жойған күдіктілер ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлайды.
Қарағанды облысы Полиция департаментінің мамандандырылған жедел-тергеу тобы және ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция департаментінің қызметкерлері бірлесіп жедел іздестіру және тергеу іс-шараларын жүргізген еді. Нәтижесінде Қызылорда облысының алты тұрғыны ұсталды. Олар заңсыз аң аулаумен айналысып, жалпы саны 212 ақбөкенді жойған. Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынды, айғақты заттар, яғни қару-жарақ пен көлік құралдары тәркіленді. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.