«Ақкент» шағынауданындағы үйде қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр

02.08.2023 20:33

Өрт салдарынан ауыр жарақат алған әйел көз жұмды

Almaty.tv

Алматыдағы өрт шыққан көпқабатты үйде қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондықтан тұрғындар әлі баспаналарына орала алмайды. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаментіндегілер мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Айта кетейік, кеше "Ақкент" тұрғын үй кешенінде тұтанған өрт салдарынан ауыр жарақат алған әйел көз жұмды. Ал зардап шеккен 49 адамның 17-і қазір ауруханада ем қабылдап жатыр. 

Шаһар басшысы Ерболат Досаев қаза тапқан тұрғынның отбасына қайғыра көңіл айтып, материалдық және моральдық тұрғыда көмек көрсетілетінін жеткізді. 

Өрт аумағында жедел штаб тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Жергілікті билік өкілдері тарапынан да жапа шеккендерге жан-жақты көмек көрсетілуде.

Алматыда өрт кезінде көз жұмған келіншектің отбасына көмек көрсетілетінін еске салайық