Алакөл маңында көлік апатынан екі адам көз жұмды
Фото: ашық дереккөзден
Тағы 28 жастағы жолаушы түрлі дене жарақатымен Үшаралдағы аудандық ауруханаға түсті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Жетісу облысындағы Алакөл ауданында көлік апатынан екі адам мерт болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«19 маусым күні Алакөл ауданының Ақтүбек ауылының маңында көлік апаты болды. Бескөл-Жайпақ жолының 15-шақырымында Toyota Avensis көлігінің 26 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай, аударылған. Соның салдарынан көлік жүргізуші мен жолаушы мерт болды. Көлік жүргізушісі жергілікті тұрғын»,- делінген облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Ведомствоның ақпаратына сәйкес, тағы 28 жастағы жолаушы түрлі дене жарақатымен Үшаралдағы аудандық ауруханаға түскен. Аталған оқиға бойынша ҚР ҚК 345 бабы 4-бөлігі бойынша тергеу басталды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
SU LAB Street: Алматыда жаңа ғылыми зертханалар көшесі ашылды
02.11.2026 13:10