Алматыда есірткі қолданған адам учаскелік полицияға оқ атты

04.08.2020 20:34

Үйдің ауласына жеткенде екінші қабатта оқ атылғаны естілген

Иллюстративное фото

Алматыда есірткі қабылдаған ер адам полиция қызметкеріне оқ атты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қалалық ПД хабарлауынша, 102 пультіне әйел адам хабарласып, күйеуі отбасылық дау-жанжалдан соң өзіне өзі қол салмақ болғанын айтты. Жергілікті учаскелік инспектор, полиция аға лейтенанты Фархат Режапов бірінші болып оқиға орнына барған. Үйдің ауласына жеткенде екінші қабатта оқ атылғаны естілген.

Полиция қызметкері оқтан жалтарып үлгерді. 

«37 жастағы жігітті полицияның арнайы бөлім қызметшілері ұстады. Қолындағы қару өзінің атына тіркелген болып шықты. Белгілі болғандай, ол есірткі қабылдаған. Қазір күдікті Алмалы аудандық ПБ жеткізілді», – деді ол.