Қажетті сараптамалар тағайындалды
Алматы облысында 51 жастағы велосипедшіні көлік қағып, мерт қылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«2 тамыз күні түнгі сағат 22:50-де велосипед мінген адамды көлік қағып, мерт қылды. Оқиға Алматы-Өскемен тасжолының 19-шақырымында болған. "Мазда" көлігінің 49 жастағы тұрғыны белгіленбеген жерден велосипедпен өтіп бара жатқан адамды қағып кеткен. Қазір аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша тергеліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды», - делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Ведомствоның ақпаратына сәйкес, көз жұмған азамат Іле ауданының тұрғыны болған.