Дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды
Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза тапты. Бұл оқиға туралы өңірлік полиция департаментінің өкілдері пікір білдірді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі dorogi_karagandy парақшасына сілтеме жасап.
Қарағанды облыстық полиция департаментінің өкілдері 8 маусымда сағат 22:23-те "Қызылорда-Павлодар" тасжолының 931-шақырымында Audi, Chevrolet Cobalt және Toyota Previa көлігі соқтығысқанын айтты. Жол апаты салдарынан төрт жолаушы мен Chevrolet Cobalt көлігінің 22 жастағы жүргізушісі қаза тапты. Audi көлігінің 21 жастағы жүргізушісі мен 17 жастағы жолаушысы, Toyota көлігінің 39 жастағы жолаушысы ауруханаға жеткізілді.
- Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, - деді тәртіп сақшылары.
Оқи отырыңыз: В Атырау спасли младенца, который остался в задымленной квартире