Қостанайда жасөспірімнің үстіне футбол қақпасы құлап кетті

14.04.2023 21:02

Бала ауыр жарақат алған

Zakon.kz

13 сәуір күні Қостанайда жасөспірімнің үстіне футбол қақпасы құлады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Балалар ауруханасының меңгерушісі Игорь Белобржицкийдің айтуынша, бала ауыр жарақат алған, он екі елі ішегі жыртылған.

"Бұл – сипаты мен емдеу жағынан ең ауыр жарақаттардың бірі. Сонан соң көптеген асқыну болады. Бала жансақтау бөлімінде өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. Операция жасалды. Жағдайы ауыр, бірақ тұрақталды. Ем-шара жалғасады. Өз бетінше тыныс алу үшін баланы жасанды желдету аппаратынан шығаруды шешеміз", – деді Игорь Белобржицкий Alau.kz басылымына.