Павлодар облысында 19 жастағы жігіт құмның астында қалып көз жұмды

27.07.2021 20:34

Аталмыш фактіге қатысты сараптама тағайындалды

Рavlodarnews.kz

Павлодар облысында 19 жастағы жігіт құмның астында қалып көз жұмды. Қайғылы оқиға Екібастұз қаласына қарасты Марғұлан ауылында орын алған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Рavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 26 шілде күні сағат 15.40-та ЖШС-нің 19 жастағы жұмысшысын құм басып қалған. 

«Жігіт су құбырларын тартып жатқан», – дейді ведомстводан. 

Ер адам оқиға орнында қайтыс болды. Аталмыш фактіге қатысты сараптама тағайындалды.