СҚО-да мас жүргізушінің кесірінен жолаушы қаза тапты

21.09.2021 00:30

Тағы бір жолаушы ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр

Солтүстік Қазақстан облысында жеңіл көлік бағдаршамға соғылып, бір адам мерт болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқиға Петропавл қаласының Жамбыл мен Қазақстан Конституциясы көшелерінің болған.  «Toyota» көлігін тізгіндеген жүргізуші араққа тойып алып, рөлге ие бола алмаған көрінеді.

Көлікте жүргізушіден басқа, тағы 2 адам болған. Олардың бірі ауруханада көз жұмса, екінші жолаушы ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр.   

«Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы 5-бөлігі бойынша сотқа дейіңгі тергеп тексерулердің біріңғай тізіліміне енгізілді. Жүргізуші Қылмыстық процестік кодекстің 128-бабы шеңберінде ұсталып, қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», – деді СҚО ПД Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімі басшысының міндетін атқарушы Сән Жұмағазина.