Баланың ата-анасына қатысты әкімшілік іс қозғалды
Нұр-Сұлтанда бағдаршам сындырған жасөспірімнің ата-анасына айыппұл салынбақ. Полиция қызметкерлері кеше Қарасай батыр көшесіндегі бағдаршамды істен шығарған 15 жастағы оқушыны ұстады, деп хабарлайды Almaty.tv
Ал баланың ата-анасына қатысты әкімшілік іс қозғалды. Мұндай тәртіп бұзушылық үшін қарастырылған айыппұл көлемі – 20 мың теңге. Сонымен қатар, бұзақының ата-анасы қымбат бағдаршамның құнын төлеуі де мүмкін.