Қостанайда салынып жатқан нысанда құрылыс краны құлап, салдарынан бір адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Тілшіге облыстық Полиция департаменті берген мәлімет бойынша, оқиға бүгін сағат 12:50-де болған.
"Шаяхметов көшесіндегі салынып жатқан нысанда кран құлады, салонда 49 жастағы ер адам болған, ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
Дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 277-бабы 2-бөлігі "Адам өліміне әкеп соқтырған тау-кен жұмыстарын немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу" бойынша соталды тергеу басталды", - деді Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.
Оқиға орнында барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Кранның құлау себебі анықталып жатыр, деп қосты полицейлер.
Басқа ақпарат тергеу шеңберінде жарияланбайды.