1997 жылғы азамат бұл әрекеті үшін 155 мың теңге көлемінде айыппұл арқалап, бес тәулікке қамауға алынды
Алматыда қарсы жолаққа шыққан жүргізуші қамауға алынды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Осыдан бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде жол ережесін қасақана бұзған ер адамның видеосы тараған еді. Кадрда көлік жүргізушісінің қарсы бағытқа шығып, көлік қозғалысына кедергі келтіргені анық көрінеді. Кейіннен тәртіп сақшылары анықтағандай, құқық бұзушы бағдаршамның қызыл түсіне де өткен. Сақтандыру полисі жоқ, сонымен қатар, тіркеуден шешілген көлік құралын басқарғаны белгілі болды. 1997 жылғы азамат бұл әрекеті үшін 155 мың теңге көлемінде айыппұл арқалап, бес тәулікке қамауға алынды.