|
28.03.2019 | 15:37
2363

Оралда қаскүнем сатушыға пышақ салды (ВИДЕО)

31 жастағы кәсіпкер әлі де ауыр жағдайда жатыр


Оралдағы ұялы байланыс салонына жасалған шабуыл туралы тың деректер шықты. Желіде жарияланған видеода дүкенге келуші сатушыға бірнеше рет пышақ сұққаны көрінеді. 31 жастағы кәсіпкер әлі де ауыр жағдайда жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Видеодан 23 наурызда «Мобильник» ұялы байланыс салонына ер адамның кіргенін көруге болады. Ол сатушымен сөйлесіп, телефондар мен оның аксессуарларын көрсетуді сұрайды. Сатушы артқа бұрыла бергенде қаскүнем пышағын шығарып, беліне бірнеше рет сұққан.  

«Оған дейін қылмыскер дүкенде 40 минут бойы жүрген. Телефон таңдап жатқандай болыпты. Ол сатушының арқасынан екі рет пышақтап, қарап тұрған телефонын алған да, қашып кеткен. Ер адам осындай қылмысы үшін үш рет сотталған. Ол бұл шабуылға дайындалған», - деді зардап шегушінің танысы Владимир.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир