Оқиға 2018 жылдың қараша айында болған. Ішімдікке тойып алған 43 жастағы әйел ұйықтауға кірісіп, 3 айлық сәбиін еденге жатқызған. Жылай бастаған баласын анасы бірнеше рет ұрған деп жазады, NUR.KZ.
Сәби 2018 жылы тамыз айының ортасында дүниеге келген. Дәл сол күні ол Павлодардың сыртындағы атасының үйінде болған. Әйел спирттік ішімдік ішіп, кейін ұйықтауға жатқан.
Біраз уақыт өткен соң бала жылай бастаған. Анасы оны жұбатудың орнына 6 рет ұрған. Соңғы ұрғанында сәби тынышталғандай болған. Шешесі баланың қайтыс боп кеткенін таңертең оянғанда ғана білген.
Медициналық сараптама нәтижесінде нәрестенің алған соққыдан кейін көз жұмғаны анықталды.
16 қаңтар күні Павлодар қалалық №2 сотында «Денсаулыққа қасақана зиян келтіру және абайсызда адам өлтіру» бабы бойынша сот отырысы өтті. Прокурор соттан әйелді 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын сұрады.