Жамбылдағы жарылыс: Қаза болғандар саны 9-ға жетті

27.08.2021 20:38

Қаза тапқандардың арасында ТЖ министрлігі, әскери бөлімнің, әскерилендірілген күзет пен әскери прокуратураның қызметкерлері бар

Almaty.tv

Жамбыл облысы Байзақ ауданында әскери бөлімнің қоймасындағы болған жарылыстан 9 адам көз жұмды, деп хабарлады Almaty.tv тілшісі төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімдегі жарылыс салдарынан соңғы 13:00-дегі мәліметтер бойынша барлығы 9 адам қаза тапты. Оның ішінде ҚР ТЖМ, әскери бөлімнің, әскерилендірілген күзет пен әскери прокуратура қызметкерлері бар. Қаза болғандардың жеке басы анықталып жатыр. Табылмай жатқан 2 адам туралы деректер анықталуда. Бұл туралы Жедел штаб мәлімдеді», – деп жазылған министрліктің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

• Төтенше жағдайды жоюға жұмылдырылды:

• ТЖМ – 153 қызметкер, 46 бірлік техника,

• ДП – 400 қызметкер, 54 бірлік техника,

• №28349 ә/б – 8 қызметкер, 2 бірлік техника,

• №5513 ә/б – 273 әскери қызметші, 12 бірлік техника,

• Ұлттық Ұлан – 520 адам және 250 адам резервте.

Халыққа ақпараттық және психологиялық көмек көрсету үшін қауырт желі ашылды: 33-32-89, 53-32-79, 8 (7262) 51-41-67, 51-37-75, +77788109109.

Айта кетейік, 26 тамыз күні сағат 19:00 шамасында Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінен өрт шығып, жарылыс болды. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың айтуынша, жарылыстан болғаннан бері 3 әскери қызметкер және төтенше жағдайлар департаментінің бірнеше маманымен байланысу мүмкін болмай тұр.