Полиция көлік апатының себептерін анықтауға кірісті
Үндістанның солтүстігіндегі Химачал-Прадеш штатында автобустың шатқалға құлап түсуі салдарынан кем дегенде сегіз адам қаза тауып, он бір адам жарақат алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Телеарна мәліметінше, зардап шеккен барлық адамдар Чамба округіндегі ауруханаға жеткізілді. Полиция көлік апатының себептерін анықтауға кірісті.