Ақмола облысында өрт шығып, 3 адам құтқарылды

23.09.2020 20:39

Өрт болған жерге департаменттің жеке құрамынан 15 қызметкер және 4 арнайы техника жетті

inform.kz

Ақмола облысында 3 адам өрттен құтқарылып, 22 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, өрт Көкшетаудың іргесіндегі Краснояр кентінде төрт қабатты тұрғын үйдің электр қалқанынан шыққан. 

«Өрт болған жерге департаменттің жеке құрамынан 15 қызметкер және 4 арнайы техника жетті. Таңғы сағат 07:50 шамасында тілсіз жау ауыздықталып, 08:12 кезінде толық сөндірілді. Осы үйде тұратын 3 адам құтқарылып, 22 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Зардап шеккендер жоқ»,– дейді ведомстводан. 

Алдын ала мәлімет бойынша, қызыл жалын электр сымдарының қысқа тұйықталуынан тұтанған.