Оқиға салдарынан мекеме иесі мен қызметкері жарақат алды
Алматы облысының аумағындағы «Поляна 1Б» демалыс орнында болған атысқа қатысты тергеу ісі аяқталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі қазір қылмыстық материалдармен танысу жұмыстары басталғанын мәлімдеді. Оқыс оқиғадан кейін бір ай өткен соң оқ атқан екі бұзақы Қостанай қаласынан ұсталған еді.
Еске салайық, өткен жылдың екінші қарашасында Байсеркедегі демалыс орталығында меймандар мен қызмет көрсетушілер арасында жанжал болған. Кейіннен бетперде таққан белгісіз жиырма шақты адам демалыс орнына келіп, оқ атқан. Оқиға салдарынан мекеме иесі мен қызметкері жарақат алды.
«2020 жылдың қазан айында Іле ауданында орын алған Алматы облысы тұрғындарының бұзақылық ниетпен қару қолдану арқылы өлтіруге оқталу дерегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 24 баптың 3-тармағы, 99-баптың 2-тармағы, 293-баптың 3-бөлігі бойынша тергелді. Қазір сотқа дейінгі тергеу аяқталып, танысу процесі басталды», – деді Алматы облыстық Полиция департаментінің ресми өкілі Ақбота Әзірбек.