Ол «Альфа-PVP" психотроптық затын 40 мың теңгеден сатып келген
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, есірткі бизнесінің басында Түрксіб ауданының 1986 жылғы тұрғыны болып шықты. Ол ұсталғанға дейін сіріңке қорабына салынған «Альфа-PVP" психотроптық затын 40 мың теңгеден сатып келген. Кезекті саудасы кезінде оның қолына кісен салынды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Тәртіп сақшыларың айтуынша, күдікті клиенттерімен кездеспей ақшаны электронды төлем арқылы алып отырған. Шотына ақша түсісімен синтетикалық есірткіні қала ішіне жасырып, мекен-жайын суретімен қоса месенджер арқылы сатып алушыға жіберіп отырған.