5-сәуір күні бір топ жігіт қала ортасында Айзада Қанатбекованы ұрлап әкетіп, кейіннен тұншықтырып өлтірген
Бішкекте 26 жастағы Айзада Қанатбекованың өмірін қиған ер адам өлер алдында аудиохабарлама қалдырған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Замирбек Теңізбаев 5-сәуірде ағасы мен анасынан кешірім сұрап, қоштасқан жазбасы әлеуметтік желілерде тарады. Қылмыскер хабарламада Айзаданы қатты сүйетінін және екеуінің қарым-қатынасы қиын болғанын айтады. Қоғамда резонанс тудырған бұл жәйт Біріккен Ұлттар Ұйымының назарынын да тыс қалмады. Қазір Қырғызстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесі барлық құзырлы органдарды «мәжбүрлеп некеге тұру үшін қыздарды ұрлау» бабы бойынша істерді тиімді, әрі жылдам тергеуді қамтамасыз етуге шақырды.
Аудиохабарламада: «Менің күнәләрім болса, бәрін кешіріңіздер. Келін қыз мені алдап кетті. Екеуіміздің махаббатымызды сатып кетті. Өмірімде олай ешкімді сүймеген едім. Мен оны қалай сүйгенімді бәрі біледі. Ара-қатынасымыз да қиын. Бір ай күт деді, күттім. Тағы бір ай күттім. Бірақ, шыдамым таусылды. Ол мені сатып кетті», – делінген.
Еске салайық, 5-сәуір күні бір топ жігіт қала ортасында Айзада Қанатбекованы ұрлап әкетіп, кейіннен тұншықтырып өлтірген. Артынша, қандықол қылмыскер өзіне қол жұмсаған. Осыған байланысты, кеше 200 қырғызстандық шеруге шығып, «зорлық-зомбылыққа қарсы» наразылық акциясын ұйымдастырды. Көпшілік қылмыстық іске қатысты құзырлы орган өкілдері жан-жақты шара қолданбады деп есептейді. Сондықтан, Ішкі істер министрі мен Бішкек қалалық Ішкі істер басқармасы басшысының отставкаға кетуін талап еткен еді.