Ақтөбеде екі көлік соқтығысып, бір отбасыдан үш адам мерт болды

25.03.2021 20:40

Жол-көлік оқиғасына байланысты ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр

ҚазАқпарат

Ақтөбеде екі жеңіл көлік соқтығысып, 4 адам көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оқиға «Қандыағаш-Ембі-Шалқар» тасжолында болды. «Лада-Приора» автокөлігінің 40 жастағы жүргізушісі Ембі қаласынан Қандыағаш қаласына бара жатып, алдыңғы көліктен озу кезінде қауіпсіздік ережесін сақтамаған. Сөйтіп Ізімбет ауылы маңында қарсы бағытта келе жатқан «Лада-Приора» автокөлігімен соқтығысқан. 

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен 32 жастағы әйел, 14 жастағы бала оқиға орнында көз жұмды. Ал 3 жасар қыз Ембі қаласының орталық ауруханасына жатқызылды. Олар бір отбасының адамдары. Сонымен қатар, басқа көліктің жүргізушісі мен 6 жолаушысы Ембі қаласының орталық аудандық ауруханасына жатқызылды. Онда 51 жастағы жолаушы есін жимастан көз жұмды. Жол-көлік оқиғасына байланысты ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», – деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.