Қызылордада көп қабатты жатақханада шыққан өрттен 76 адам эвакуацияланды

19.07.2020 20:40

Өрт толық сөндірілді

Хабар24

Қызылорда қаласында көп қабатты жатақханада шыққан өрттен барлығы 76 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиға бүгін жергілікті уақытпен таңғы 5.54-те тіркелді. Тұрар Рысқұлов көшесі бойында орналасқан жатақхананың екінші қабатындағы балконнан өрт шыққан. Өрт сол балконның үстінде орналасқан өзге балкондарға тарап кеткен.

«Өрттен барлығы 76 адам эвакуацияланды. Оның ішінде 15-і бала. Өрт 6.21-де толықтай сөндірілді. Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар саласынан барлығы 32 қызметкер мен 10 техника жұмылдырылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің өкілдері.