|
Jol
11.09.2020 | 18:10
4456

Нұр-Сұлтандағы сауда үйлерінен киім ұрлаған бау кеспе әйел ұсталды

28 жастағы елордалық бірқатар бутиктен киім-кешекті қолды қылған

Нұр-Сұлтандағы сауда үйлерінен киім ұрлаған бау кеспе әйел ұсталды almaty.tv

Нұр-Сұлтандағы сауда үйлерінен киім ұрлаған бау кеспе әйел ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

28 жастағы елордалық бірқатар бутиктен киім-кешекті қолды қылған. Тәртіп сақшыларының сөзінше, азаматша шешінетін бөлмеге кіріп, таңдаған киімдеріндегі магнитті қыспаларды қайшымен алып тастаған. Кейін сөмкесіне салып алып, дүкеншілерден еш қымсынбастан шығып отырған. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, бірнеше мәрте қайталанған қылмыс, бейнебақылау камераларының арқасында ашылып отыр. Күдіктінің сөзінше, киімді ол жары мен баласына сыйлаған.

«Полиция басқармасына жеткізілген күдікті ұрлық жасағанын мойындады. Ұрланған заттар тәркіленіп алынды. Аталмыш факт бойынша Қазақстан республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қазірде азаматшаның елорда аумағында жасалған басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда», – деді Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Эльмира Шәуленова.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир