Алматы облысында 4 оқушы қызды қаққан мас жүргізуші 10 жылға дейін сотталуы мүмкін

Almaty.tv
Almaty.tv
Салдарынан 8 және 9 жастағы екі қыз қайтыс болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысында 2 өрімдей қыздың өмірін қиған көлік жүргізушісіне қатысты тергеу амалдары аяқталып, іс сотқа жолданды. Енді жүргізуші 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Ведомство мәліметінше, Еңбекшіқазақ ауданының прокуратурасы қылмыстық істі сотқа 28 сәуір күні жолдаған. Қазір автокөлік иесі қамауға алынып, қылмыстық кодекстің 345-бабының 1-бөлігі - "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан көлік құралын мас күйде басқару" бойынша соталды тергеу басталды. 

Еске сала кетсек, 2 наурызда Қорам ауылының 54 жастағы тұрғыны мас күйінде УАЗ автокөлігімен мектептен қайтып келе жатқан 4 оқушыны қағып кеткен еді.  Нәтижесінде үшеуі ауруханаға түсіп, кейін 8 және 9 жастағы 2 қыз қайтыс болған.

Новости партнеров