15 магистраль жолында бензин тасымалдайтын жүк көлігі аударылып қалды
Қарағанды қаласының 15 магистраль жолында бензин тасымалдайтын жүк көлігі аударылып қалды. Апат салдарынан жолға 2 тоннаға жуық жанар-жағармай төгілді, деп хабарлайды Almaty.tv.
16 ақпанда сағат 12:15-те Қарағанды қаласының 15 магистралі мен Попов көшесінің қиылысында бензин тасымалдайтын көлік аударылып қалды. Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, алдын ала мәліметтерге сәйкес «КамАЗ» (бензин тасушы) автокөлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай қалып, салдарынан 20 тонналық жартылай тіркеме аударылып кеткен. Оқиға нәтижесінде жол төсеміне 2 тоннаға жуық бензин төгілді.
«Отынның төгілген жерінде өрт пайда болған жоқ, бензин 300 ш. м. жерге жайылып кетті. ТЖД күшімен бензин төгілген жерге ауа-механикалық көбік құйылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Полиция күшімен жол учаскесі уақытша жабылды. Цистерна ТЖД және «ГазОйлПром» ЖШС бірлескен күштерімен көтерілді», - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.