Болжам бойынша, жол-көлік оқиғасы жүргізушінің шаршап, көлік тізгінінде қалғып кетуіне байланысты орын алған
Жетісу облысы, Көксу ауданында Volkswagen Passat автокөлігі жол апатына ұшырады. 41 жастағы ер адам тізгіндеген шетелдік көлік Алматы-Өскемен тас жолының 203 шақырымында жол бойындағы темір қоршауға соғылған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
"Оқиға орнында жүргізуші мен оның жанындағы 39 жастағы жолаушысы қаза тапты. Тағы үш жолаушы жақын маңдағы ауруханаға жеткізіліп, медициналық тексеруден кейін амбулаториялық емделуге жіберілді", - делінген полиция хабарламасында.
Болжам бойынша, жол-көлік оқиғасы жүргізушінің шаршап, көлік тізгінінде қалғып кетуіне байланысты орын алған.